Гипсті және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша зауыт Атырау облысы Индер ауданында орналасқан Индерборский кентінде 2010 жылы салынды. Зауыт сапалы гипсті және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіреді, біздің өніміміздің құрылыс гипсінің басқа маркаларынан гөрі айырықша ерекшелігі бар. Біздің гипсіміз өзінің ақтығымен ерекшеленеді, қажетті үгілмелілігі мен үлпілдектігі бар, ал өзінің ұнтақталуының жоғары дәрежесінің арқасында көбейтілген беріктігімен ерекшеленеді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «БРК-Лизинг» АҚ қолдауының арқасында зауыт жылына дайын өнімнің 120 мың тоннасына дейінгі өнімділігімен «Эришим Макина» (Түркия) жаңа жабдығымен жасақталды. Сонымен қатар біздің зауытымызға арнайы оқытудан және біліктілікті арттырудан өтетін үздік мамандардың тартылатынын атап өту қажет.
«ИндерГипс» ЖШС Компаниясы «InderGyps» брендімен отандық өнімді шығаруға ниеттенеді. Бұдан басқа, зауытта 82 жұмыс орнын құру жоспарлануда, ал бұл Индер ауданында жұмыссыздық деңгейіне әсер етеді. Одан әрі Компания бюджетке міндетті төлемдердің есебінен Қазақстанның экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын болады.
«ИндерГипс» ЖШС Компаниясы қайта өңдеу Зауытынан 30 шақырым арақашықтықта орналасқан гипс кен орнына ие, мұнда сондай-ақ уату-сұрыптау кешені орналасқан. Карьерде гипс тасын өңдеудің бұрын пайдаланылатын борат кен орындарынан, үйінділерден алу есебінен өзіндік құны өте төмен. Тастағы гипстің құрамы орта есеппен 94%-ға дейін, ал бұл гипс тасын тауардың жеке түрі ретінде (фракциялар 0-300 мм) өткізуге мүмкіндік береді.
Қайта өндеу зауыты «Эришим Макина» (Түркия) жабдығымен жасақталған, өнімділігі жылына дайын өнімнің 120 мың тоннасына дейін.
Аталған жабдық мынадай жоғары сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді:
- Құрылыс гипсі
- Құрғақ құрылыс қоспалары
Компания ағымдағы уақыттың барлық стандарттарына сай келетін, Қазақстанда импортталатын өнімнің аналогтарына бәсекелес болуға қабілетті болатын, инновациялық және қауіпсіз өнімді шығаруға ұмтылады. Біз болашақ клиенттеріміздің денсаулығы жайлы қамданамыз, сондықтан өнімді шығарған кезде тек қана тексерілген және экологиялық шикізат пайдаланылады.
Бұдан басқа, Компания бюджетке міндетті төлемдердің есебінен Қазақстаның экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын болады.
Қазіргі таңда Компания жоғары сапалы жоғары маркалы гипсті және ҚҚҚ өндірушісі ретінде позицияланады.
Өткізудің кең нарығына, сондай-ақ өндірістің икемді жүйесіне ие бола тұра, негізінде Батыс және Солтүстік-Батыс Қазақстанға бағдарланып, Компания сұраныстағы өзгерістерге жедел ден қоятын (өнімнің сұрыпталымын өзгертетін) күйде болады.
Компанияның одан арғы өнімдік стратегиясы құрылыс материалдары нарығының (жаңа сатып алушылар мен өндірушілердің пайда болуы), сонымен қатар ҚҚҚ үшін жаңа рецептураларды игеру конъюктурасындағы өзгерістен тәуелді болады.
Гипсті және ҚҚ-ны сақтау және тасымалдау кезінде қаптама маңызды рөл атқарады. Қаптаманың артықшылықтарының бірі өнімді сақтау мерзімдерін ұлғайту мүмкіндігі болып табылады. Сақтау мерзімдерін ұлғайту кәсіпорынның жұмыс істеуіне маусымдылық факторының әсер етуін азайтуға мүмкіндік береді: маусымдар арасында өндірілетін ҚҚҚ және гипс зауыттың немесе Тұтынушылардың қоймаларында әжептәуір уақыт сақтала алады.
- Гипсті шығару (Бета-түрленім)
Жылына 100 000 тонна және құрғақ құрылыс қоспаларының қуаттылығы гипс негізінде жылына 85 000 тонна өнімділікпен (2 ауысымды жұмыс – 16 сағат) 50% өндірілетін гипсті тұтыну кезінде 3 ауысымды жұмыс (24 сағат) кезінде жылына 125 000 тоннаға дейін ықтималды көбейтумен.
- Гипс ұнтағын өндірудің негізгі шикізаты – гипс тасы. Комбинаттан 30 шақырымда, Ақжайық ауданының борат кендерінің кен орындарының № 96 және №102 техногендік үйінділерден зауытқа тасымалданады. Аталған үйінділер қорларының жалпы көлемі табиғи гипс тасының 25 млн. тоннасын құрайды.