Сапаны бақылау

INDERMIX Қазақстанда гипс негізінде өндірілген жаңа өнім, оның сапасы мен ақтығын құрылыс-әрлеу секторының әуесқойлары, сондай-ақ кәсіпқойлары бағалайды, бір-ақ рет қана сынап, осы брендпен өндірілген өнімге артықшылық береді. INDERMIX құрғақ құрылыс қоспаларымен жұмыс істеу жұмыстардың уақытын айтарлықтай қысқартады, себебі физикалық қасиеттердің сенімділігі есебінен ол уақытты, сондай-ақ бояуды да үнемдейді. Сонымен қатар INDERMIX ҚҚҚ-ны әзірлеу мен өндіру кезінде қауіпсіздік негізгі критерий болып табылады.

Біздің зертхана техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған және де INDERMIX дайындалған кезде технологиялық нормалардың қатаң сақталуын мұқият қадағалайды. INDERMIX өнімдерінің рецептуралары құрылыс материалдарға арналған химиялық шикізаттың түрік өндірушілерімен тығыз ынтымақтастықта әзірленді. Өнімдер Түркияда www.erisimmak.com.tr өндірілген толықтай автоматтандырылған желісінде дайындалады.

INDERMIX – бұл сападағы мінсіздік пен тұрақтылыққа кепілдік беретін, сапаны көп деңгейлі бақылау:

  • шикізат пен химияның кірме бақылауы;
  • өндіріс алдында жабдықтың тазалығын бақылау;
  • өндіріс процесінде аралық бақылау;
  • өндірістен шыққан кезде дайын өнімнің сапасын бақылау;
  • сапаны сатудан кейінгі бақылау.

Бұдан басқа INDERMIX – бұл клиентті барлық кезеңдерде сервистік сүйемелдеу: үздік техникалық мамандардың консультациясы, объектіге жағу технологияларын оқыту және тұрақты негізде клиенттермен жұмыс істеу бойынша шұғыл кері байланыс. Сонымен қатар меншікті шикізаттың және өндіріс процесін оңтайландырудың арқасында үздік бағалар.