Технологиялар

PLUS INDERMIX гипстік фиништік бітеуішіINDERMIX қолмен жағылатын гипстік сылақтық қоспасы
қысу кезінде беріктік, кем емес2 мПа2 мПа
үзілуге беріктік, кем емес0,5 мПа0,5 мПа
1 ш/метрге шығысқабаты 1 мм кезінде 1-1,2 кгқабаты 1 мм кезінде 1-1,2 кг
кебу уақыты20 сағат 20°C кезінде20 сағат 20°C кезінде
Гипстың өндірісі келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

Гипс тасын 0-300 мм фракцияға дейін уату және елеу.

0-300 мм фракцияны қаттап сақтау.

Гипс тасын қоймадан зауытқа тиеу және тасымалдау.

Табиғи гипсты силостарда дайындау.

Табиғи гипсты ұнтақтау және кептіру.

Кальцийлеу.

Салқындату.

Қаттап сақтау.

ҚҚҚ өндірісі.

Қаптама.

Паллеттеу.

Ұнтақтау бөлімі

Гипс тасын кептірумен және алдын ала кальцийлеумен ұнтақтау бөлімі.

Кальцийлеу бөлімі

Бұл бөлімде тік қазандықтың көмегімен гипс тасының кристалдық суын жою жүзеге асырылады (СаSO4 + 2H2O —–> CaSO4 + 1/2H2O). Бұл бөлім толықтай автоматтандырумен бақыланады.

Аталған қазандықтың қуаттылығы тәулігіне 333 тоннаны құрайды (жұмыс істеудің үздіксіз циклы).

Ұсақтау және Бөлу бөлімі

Бұл бөлім жалпы екі диірменнен және сепаратордан тұрады. Кальцинациялық гипс ортадан тепкіш диірмендерде ұсақталады және динамикалық-ауа сепараторында екі фракцияға жіктеледі.

  • Ірі фракция (60-300 микрон): перлит гипстік сылақ, машиналық сылақ және т.б. сияқты қоспаларды дайындау үішн пайдаланылады.
  • Ұсақ фракция (0-60 микрон): сатен ажарлау қоспасы және т.б. сияқты фиништік жұмыстың қоспаларын дайындау үшін пайдаланылады.
Гипс ұнтағын салқындату бөлігі

Аталған кезеңде гипс ұнтағы бастапқы кіріс температурасынан бастап салқындайды – 160 градустан бастап 80 градусқа дейін. Қуаттылық – тәулігіне 22 сағат жұмыс істеген кезде тәулігіне 333 тонна.

Қаттап сақтау

Дайын гипс ұнтағын қаттап сақтау. Қойма үй-жайларының сыйымдылығы 4 000 тоннаны құрайды.

ҚҚҚ өндірісі бойынша бөлім

Гипс негізінде ҚҚҚ өндірісі кезінде компоненттердің үш түрі пайдаланылады:

  • Негізгі компонент: гипс ұнтағы, зауытта өндіріледі
  • Қосымша компоненттер. Әктас, ангидрид (мәрмәр ұны), перлит және т.б.
  • • Химиялық қоспалар
  • • «Bevako» компаниясының фин жабдығымен жасақталған, ҚҚС өндірісі бойынша желі – бұл әрбір рәсімнің бірнеше қабатынан тұратын жиынтық қондырғы. Зауыт бірнеше бөлікке бөлінеді:
  • Мұнараның жоғарғы бөлігінде қаттап сақтау силостары. Негізгі және қосымша компоненттердің силостары
  • Мөлшерлеу. Мөршерлегіш және таразы бункерлері
  • Араластыру
  • Аралас өнімнің бункері
  • Қаптау желісі
  • Цехтың өндірістік қуаттылығы – екі ауысымды жұмыс істеу режимі кезінде тәулігіне 283 тонна.
Өнімді қаптау бойынша бөлім

Аталған кезеңде өнім ҚҚС өндірісі бойынша цехтан, немесе одан өтіп кетіп, гипс ұнтағының қоймасынан тікелей қаптама бойынша цехқа 5/25/30 килограм құрайтын қаптарға түседі. Аталған цехтың 2 ауысымдық жұмыс істеу режимі кезінде өнімділігі – сағатына 21 тонна, немесе тәулігіне 336 тонна.

Паллеттеу бойынша бөлім

Мұнда қапталған өнім паллеттерге (табандықтарға) төселеді.

Дайын өнім қоймасы

Барлық өндірілетін өнім 1 440 ш.м. ауданы және 4 000 тонна өнімге дейін сыйымдылығы бар қоймада қаттап сақталады.

Менеджмент сертификаты

ҚҚҚ-ға арналған сәйкестік сертификаты

Уатуға арналған сертификат

Шығу сертификаты

Эко куәлік

Эко сертификат